Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау күні белгілі болды

Жаңалықтар
view 127
news

Сот экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау күнін белгіледі. Ол 11 наурызда басталады, деп хабарлайды janabastau.kz. “Сот кабинетінің” деректеріне сәйкес, алдын ала тыңдау дүйсенбі, 2024 жылдың 11 наурызында өтеді. Істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Құлбаева қарайды. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі күдікті Қуандық Бишімбаевқа «Аса қатыгездікпен кісі өлтіру» бабымен қоса, «Азаптау» бабы бойынша да айып тағылғанын хабарлады. Еске сала кетсек, өткен жылдың 9 қарашасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды. Қайғылы оқиға елордадағы «Бау» мейрамханасында болған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *