Бишімбаев ісі: Жоғарғы сот өкілдері апелляция қанша уақытқа созылатынын айтты
Сурет: Жоғарғы сот
Парламент кулуарында Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина Қуандық Бишімбаевқа қатысты апелляция қанша уақытқа созылатынын айтты,- деп хабарлайды Janabastau.kz.
Назгүл Рахметуллинадан журналистер шағымды қарауға қанша уақыт берілетінін және процесс қанша уақытқа созылуы мүмкін екенін сұрады. Оның айтуынша, қарау мерзімі – бір ай. Ол сондай-ақ алқабилер шығарған үкімге тараптар шағым жасай алатынын атап өтті. Шағым апелляциялық сатыда қаралады.
"Егер олар келіспесе, әрине, олардың шағымдануға құқығы бар. Апелляциялық сатылар қарап үлгермеген жағдайда мерзімі ұзартылуы мүмкін. Мәселен адвокаттар белгілі бір күндері ғана қатыса алуы мүмкін. Заң бойынша, сотталған адамдар апелляциялық саты сотына сот процесі қайта жүргізілген жағдайда, яғни қандай да бір қосымша айғақтар зерттелген кезде. Басқа жағдайларда сотталған адамдардың қатысып-қатыспайтынын апелляциялық сатының өзі шешеді", - деді ол.
Пікірлер (0)