Бішкекте өткен ҰҚШҰ саммитінде қандай құжаттар қабылданғаны белгілі болды

Жаңалықтар
view 108
news

Фото: Ақорда

ҰҚШҰ отырысынан кейін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы қабылданды және барлық мүше мемлекеттің мүддесі үшін ұжымдық қауіпсіздік жүйесін одан әрі жан-жақты жетілдіруге бағытталған бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Келесі құжаттарға қол қойылды:

* Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы;

* Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік стратегиясы туралы» шешімі;

* Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің 2026-2030 жылдарға арналған есірткіге қарсы стратегиясы туралы» шешімі;

* Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің есірткі бизнесіне қарсы күрестегі ынтымақтастықты нығайту туралы мәлімдемесі;

* Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы туралы» шешімі;

* Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының төрағасы туралы» шешімі; 

•Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің «Ақпараттық кеңістікте Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен оған мүше мемлекеттердің оң имиджін қалыптастыру шаралары туралы» шешімі; 

⁠• Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің 2026–2030 жылдарға арналған әскери ынтымақтастығын дамыту жоспары туралы» шешімі; 

* Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскерлерін (ұжымдық күштерін) басқаруды ұйымдастыру туралы» 2015 жылғы 15 қыркүйектегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі;

* Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының құрмет белгісімен марапаттау туралы» шешімі;

* Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының марапаттарымен марапаттау туралы» шешімі;

* Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің «Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі еңбегі үшін» медалі туралы шешімі;

* Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы хатшылығының ақпараттық-талдау бөлімі туралы» шешімі;

* Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының 2024 жылға арналған бюджетінің орындалуы туралы есеп туралы» шешімі;

* Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының 2026 жылға арналған бюджеті туралы» шешімі; 

* Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің «Ұйымға төрағалық ету, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясының өткізілу уақыты мен орны туралы» хаттамалық шешімі.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бішкекте өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысына қатысқанын жазған болатынбыз.

2026 жылы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы қызметін кім атқаратыны туралы хабарладық.

Айта кетейік, ҰҚШҰ-ның келесі кезекті сессиясы 2026 жылдың 11 қарашасында Ресей Федерациясында өтеді.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *