Биыл 7 284 Алматы тұрғыны баспаналы болады

Жаңалықтар
view 124
news

Сурет: Ашық дереккөзден

2025 жылы Алматыда 7 284 адам қоныс тойын тойлайды. Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі хабарлап отыр, деп жазды JANABASTAU.KZ.
Биыл 7 284 Алматы тұрғыны баспаналы болады. Оның ішінде ата-анасы жоқ балалар бар. Белгіленген 20% квота бойынша, көпбалалы отбасыларды, халықтың әлеуметтік осал топтарын және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерін қоса алғанда, азаматтардың неғұрлым осал санаттарына тұрғын үй беріледі, – делінген хабарламада.

Бір айта кетерлігі, коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер кезек тәртібімен ғана беріледі. 2024 жылы осы бағдарлама бойынша 5 594 адам баспана алған еді.

Бағдарлама аясында 2 000 азамат коммуналдық тұрғын үй қорынан жалдамалы пәтер алды. Оның ішінде 404 пәтер ата-анасы жоқ балаларға бөлінді. Былтыр 257,7 миллион теңгеге 207 тұрғын үй сертификаты табысталды. Сертификатты 1- және 2-топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар отбасылар, көпбалалы отбасылар және ата-анасы жоқ балалар алды, – делінген хабарламада.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *