"Біз өте жақсы стратегиялық қарымқатынастамыз": Путин Қазақстанмен қарым-қатынасы туралы айтты
Сурет: ғаламтордан
“ҚазАқпарат” агенттігінің басшысы Асқар Жалдинов Ресей президентінен екі ел арасындағы қарым-қатынас туралы сұрақ қойды. Бұл туралы Janabastau.kz хабарлайды.
“Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара қарым-қатынастың болашағы қандай?” – деп сұрады “ҚазАқпарат” агенттігінің басшысы Асқар Жалдинов.
Ресей президенті екі ел өте жақын, одақтас қарым-қатынаста екенін мәлім етті.
“Өте жақсы, басқаша айта да алмаймыз. Біз өте жақын, одақтас, стратегиялық қарым-қатынастамыз. Бұл сауда-экономикалық байланыстарға да қатысты, олар сенімді түрде өсіп келеді. Жыл сайынғы айналым деңгейі де осыны көрсетіп тұр. Біздің өзара әрекеттесуіміздің көптеген бағыты бар. Мен тіпті бәрін тізбектеп айтып та бітпеймін. Бұған энергетика, өнеркәсіптік ынтымақтастық және ғарыш саласы да кіреді. Біздің ортақ шекарамыз үлкен. Адамдар да бір-бірімен араласады”, – деді Путин Санкт-Петербургте әлемнің жетекші ақпарат агенттіктері басшыларымен кездесу барысында сұрақтарға жауап беріп.
Президент Путин Ресейдің 76 субъектісі Қазақстанның тиісті аумақтарымен тікелей қарым-қатынаста екенін түсіндірді.
“Шынымды айтсам, дау тудыратын және біздің қарым-қатынасымызды қандай да бір жолмен қиындататын бірде-бір мәселені көріп тұрған жоқпын”, – деп түсіндірді Ресей президенті.
Пікірлер (0)