Блогердің ашуы: үнсіздіктен шаршаған Елдос шындықты айтпақ
Сурет: Ашық дереккөзден
Instagram желісіндегі танымал блогер Елдос "Колобок" жұртты елең еткізетін жазба жариялады. Бұл туралы Janabastau.kz хабарлайды.
Ол бұрын үндемей келгенін, енді бар шындықты жайып салатынын мәлімдеді.

“Жақсылық істесең де жақпайды екен. Үндемей отыр едік, болмайды екен. Ертең бәрін айтамыз. Ешкімнің көңіліне, беделіне қарамаймыз”, – дейді блогер.
Сонымен қатар, Елдос өзін емдеген дәрігерлерге алғысын білдіріп, алдағы уақытта олардың кәсіби жолын қолдайтынын жазды:

“Дәрігерімізге реніш жоқ. Олар жұмыстан кетіп жатса, қай клиникаға барса да, жарнамалап жүремін. Себебі олар – өте мықты дәрігерлер”, – деп мәлімдеді ол.
Жазбаның соңында блогер эмоциясын жасырмай, ескертусіз әрекет ететінін де айтып өтті:

“Бүгінше жылап алайық, ертең діңк-діңк деп сөйлегеннің көкесін көрсетеміз. Ешкім звондап тоқтатпай-ақ қойсын, телефонды алмаймыз”, – деп кесіп айтты.
Пікірлер (0)