Бүгін Мемлекеттік Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібековтің туған күні
Сурет: Ашық дереккөзден
Осыдан 83 жыл бұрын (1942) суретші және сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібекұлы МӘЛІБЕКОВ дүниеге келді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.
Қызылорда облысында туған. Ташкент политехникалық институтының сәулет факультетін бітірген.
Еңбек жолы: Өзбекстан Ғылыми-зерттеу өнеркәсібі институтының (ӨзБҒЗИ) қала құрылысы шеберханасының меңгерушісі. Әндіжандағы аэровокзалдың, Ферғанадағы облыстық пошта бөлімшесінің, облыстық басқарманың, Самарқандтағы драма театры мен орталық кітапханасының ғимараттарын, Ангрен қалаларындағы бірқатар тұрғын ықшам аудандарды жобалауға белсене қатысты. Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның мүшесі.
1992 жылдың басында Ж.Мәлібеков қатысқан Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің үздік жобасына байқау жарияланды. Үздік мемлекеттік рәмізге арналған ауқымды байқауға 245 жоба қатысты. Комиссия апта сайын жиналып, соңында Мәлібековтің жобасы депутаттардың қарауына ұсынылды.
2003 жылдан бері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жұмыс істейді, профессор.
«Құрмет», «Барыс» ордендерімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстанның еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған. «Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген сәулетшісі» және «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атақтары бар. Мәдениет және өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік стипендиясының иегері.
Пікірлер (0)