Бүгін Олимпиаданың жабылу салтанаты: шаңғышыларымыз бақ сынайды

Жаңалықтар
view 93
news

Фотосурет: Michael Kappeler/picture alliance via Getty Images

Бүгін, 22 ақпанда төрткүл дүние көз тіккен 2026 жылғы Олимпиада ойындары өз мәресіне жетеді. Соңғы жарыс күнінде қай спорт түрінен медальдар жиынтығы сарапқа салынатынын назарларға ұсынамыз. Жарыс кестесті Қазақстан уақыты бойынша көрсетілген, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Ұлттық құраманың атынан соңғы болып бүгін жарыс жолына шаңғышылар шығады.

Шаңғы жарысы

14:00. Масс-старт, 50 шақырым, классикалық стиль (әйелдер)

Өнер көрсететін қазақстандық спортшылар: Надежда Степашкина (№39), Анна Мельник (№40).

Қазақстан құрамасының қатысуынсыз өтетін жарыстар кестесі:

Бобслей

14:00. (Ерлер)

16:15. (Ерлер)

Фристайл

14:40. Хафпайп-финал (әйелдер)

Керлинг, әйелдер

15:05. Швейцария – Швеция (финал)

Хоккей, ерлер

18:10. Канада – АҚШ (финал)

Бүгінгі жарыс күні XXV Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанатымен аяқталады. Байрақты бәсекенің жабылу рәсімі әйгілі Arena di Verona амфитеатрында өтеді. Басталуы – Қазақстан уақыты бойынша 00:30-да (23 ақпан).

Іс-шара көркемдік және ресми бөлімдерден тұрады. Сондай-ақ спортшылардың шеруін, марапаттау рәсімін және келесі қысқы Олимпиада ойындары өтетін ел Францияға Олимпиада туын тапсыру рәсімдерін қамтиды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *