"Бүгін отбасына оралады": Бақытжан Байжанов бостандыққа шығады

Жаңалықтар
view 36
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сотталған Бақытжан Байжанов рақымшылыққа ілігіп, бостандыққа шығады. Бұл туралы оның адвокаты Ғазиз Ынтықбаев мәлімдеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

Бүгін Степногорск қалалық сотында Байжановтың өтініші қаралды.

"Ол жаңа Конституцияның қабылдануына орай жарияланған рақымшылық аясында бостандыққа шығатын болады. Түске дейін сот отырысы өтті. Ал түстен кейін сот қаулысы мекемеге жіберіледі. Соның негізінде дереу Байжановты дереу босатуы қажет. Бүгін Бақытжан отбасына оралады", - деді Ынтықбаев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Байжановтың мерзімінің өтелмеген жазасы үш айдан сәл асады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *