Бурабай курорты: даму стратегиясы және заманауи бастамалар

Жаңалықтар
view 218
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Биыл Бурабай курортына 700 мыңға жуық турист келді, бұл өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай көп. Жақын арада инфрақұрылымды жақсарту, жаңа туристік нысандар құру және инвестициялар тарту жоспарлануда. Осы шаралардың барлығы Бурабайды туристер үшін одан да тартымды және демалуға ыңғайлы етуге көмектеседі. Бұл туралы Ақмола облысының туризм басқармасының басшысы Андрей Подгурский баспасөз отырысында айтып берді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бурабай белсенді дамуын жалғастыруда және соңғы жылдары курорттың инфрақұрылымы айтарлықтай өзгерістерген. А. ж. Бурабай кентінің абаттандырылуына санитарлық тазалауға, көгалдандыруға, жаңа қоқыс алаңдары мен қоқыс жәшіктерін орнатуға, сондай-ақ туристер үшін ыңғайлы демалыс аймақтарын құруға айтарлықтай қаражат бөлінді. Жазғы кезеңде өңірде 88 санитарлық-гигиеналық торап жұмыс істейді, сондай-ақ 1200 орындық қосымша тұрақтар енгізілді, бұл көлік жағдайын айтарлықтай жақсартуға себеп болды.

Көліктердің көптігінен, әсіресе, демалыс кезеңі қызған шақта тұрақ орындары мен жолдағы кептеліс мәселесі алдыңғы орынға шығады. Осы орайда, Алимусин көшесі мен Громотуха өзені арқылы көпі кешенін салу жоспарда бар. Бұл жобалар Бурабайдағы көлік ағыны мен қозғалысын ретке келтіруге көмектеседі.

«Бурабай кентін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында, өңірдің инженерлік және көліктік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған 45 жоба қарастырылған. Олардың арасына 400 шақырымнан астам сумен жабдықтау және су өткізу құрылғыларының реконструкциясы, 78,5 шақырым жаңа жол құрылысы мен электр желілерінің модернизациясы кіреді», - деп атап өтті туризм басқармасының басшысы.

Өңірдің туристік саласына инвестициялар белсенді тартылуда. Бурабайда "Atyrau Avenue" демалыс аймағын және "Тары Бурабай" этно-кофеханасын салу сияқты жеке жобалар іске асырылуда. 2025 жылы Катаркөл көлінде "Дискавери Бурабай" аквапаркін іске қосу жоспарлануда, ол курорттың ең ірі туристік аттракциондарының біріне айналады

Сонымен қатар, Бурабай жылдың кез келген уақытында туристерді тарта отырып, "Four Season" тұжырымдамасын белсенді түрде дамытуда. Биылғы жылы курортта 28 ірі іс-шара өткізілді, оның ішінде халықаралық чемпионаттар, форумдар мен фестивальдар 30 мыңнан астам адамды қамтыды. Келесі жылы тағы 19 ірі іс-шара, оның ішінде халықаралық көрмелер мен фестивальдер өткізу жоспарланған. Аймақта тек белсенді туризмге ғана емес, сонымен қатар курорттың танымалдылығының артуына ықпал ететін мәдени және экологиялық бастамаларға да назар аударылады.

 Туризмдегі инвестициялық ахуалды жақсарту үшін 2025 жылы жұмыс істей бастайтын "Aqmola Tourism" бағдарламасы әзірленуде. Бұл кәсіпкерлерге маусымға дайындалу үшін несие алуға және халықаралық қонақ үй мен мейрамхана желілерін қолдауға көмектеседі. Бұл аймақтағы бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады”, - деп бөлісті Андрей Подгурский.
Курортты дамытудағы маңызды қадам-шағын авиацияны іске қосу. 2025 жылы Бурабай бойынша тікұшақ экскурсияларын өткізу, сондай-ақ Астанадан ішкі рейстерді ашу жоспарлануда. Бұл шаралар курорттың қолжетімділігін жақсартуға және экстремалды демалыс түрлеріне қызығушылық танытатын туристер тың әсер алу үшін бағытталған.

Бурабай Қазақстанның ең тартымды туристік бағыттарының бірі болып қала береді. Инфрақұрылымды дамыту, жеке инвестицияларды қолдау, ірі жобаларды іске асыру және маңызды іс-шараларды өткізу курортты барынша нығайтуға және елдің туристік стратегиясына елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді.

Пікірлер (1)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *