Цифрлық тәуелсіздік үшін күрес: Азаматхан Әміртаевтің ескертуі және бүгінгі шындық

Жаңалықтар
view 51
news

Фото: facebook.com/amirtayazamatkhan

Қазақстан саясатындағы соңғы резонансты оқиғалардың бірі – «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаевтің Ресейге кіре алмауы. 26 сәуір күні Мәскеудің Внуково әуежайында Азаматхан Әміртаевқа рұқсат бермей, Қазақстанға қайтарды. Бір қарағанда бұл – шекаралық бақылаудың қарапайым шешімі сияқты көрінгенімен, астары ауқымды мәселе болып отыр. Азаматхан Әміртаев осы оқиға туралы әлеуметтік желіге сала салысымен түрлі пікірлер жазылып, нақты саяси астарына ешкімнің бас қатырғысы келмеді.

Баяғы әдетімізбен біреуді келемеждеу, қаралау сынды байыбына бармай жазылған посттар шынайы проблеманы жауып тастады десек болады.

Бірақ мәселенің түбіне үңілсек, бұл оқиға әлдеқайда терең – саяси, стратегиялық және тіпті өркениеттік сипатқа ие.

Бұл – бір адамның басынан өткен проблема емес. Бұл – идеялардың тағдыры. Азаматхан Әміртаев Қазақстанның «Байтақ» партиясын құрам деп он жылдан астам жүгіріп, он сегіз барып жүріп тіркеткен еді.

Партияның басты мақсаты еліміздің экологиялық ахуалын көтеру, шешімін табуға көмектесу болды. Саяси аренада жүрген түрлі тақырыптарда сұқбаттар беруге туралы келеді.

Міне, осындай сұқбатты Азаматхан Әміртаев 2021  жылы «Ұлыс медиа» ютуб арнасына берген еді.

Сұқбатта Азаматхан Әміртаев сол кезде көпшілік назар аудармаған, бірақ бүгін аса өзекті болған мәселелерді көтерді. Ресей осы жалдан бастап Азаматхан Әміртаевтың әр сұқбатын, саяси жиындары мен көтерген мәселелерін аңдып, қарап отырғаны белгілі болып отыр.

Ол сұқбатта «Қазақстан азаматтарының жеке деректерін шетелге беру – қауіпті екенін, мемлекеттің «миына» айналатын цифрлық үкімет платформасын сыртқы күштерге беру – стратегиялық қателік екенін, Ресейлік «Сбербанктің» Қазақстан экономикасына кіруі – болашақта үлкен тәуекел екенін және бұл мәселе ұлттық қауіпсіздікке қатерлі сатқындықпен тең екенін» ашық айтып, ескерткен еді.

Сол кезде бұл сөздерге күмәнмен қарағандар көп болды. Әсіресе ресейшіл қазақстан билігіндегі азаматтар Азаматханның бұл сөздерін кұлкіге айналдырып, өз білгендерін істеді. Ал бүгін не болды?

Уақыт қатал сарапшы. Шындыққа айналған болжам Ресейдің саяси амбициясын ашық көрсетіп қойды.

Ресей «жұмсақ күш» арқылы Қазақстанды өз ықпалында ұстауға талпынып келе жатқан және осы мақсатты жүзеге асыру үшін ашық жұмыс жасап жатқан ел.

Сондықтан Ресейдің Азаматхан Әміртаев сынды білікті һәм білімді саяси тұлғаларды қабылдамауы түсінікті мәселе.

Ресейдің жасылдар партиясы көтеріп жатқан экологиялық мәселелерге Орта Азияның жасылдар партиясының көшбасшысының келуі жағдайды мүлдем ушықтырып, онсызда соғыстан дағдарыс пен деградацияға ұшырап жатқан халық арасында лаң туғызуы мүмкін деген қауіп те жоқ емес.

Бұл Азаматхан Әміртаевтың басына түскен оқиға ғана емес, әлемжеліде Ресей саясатын ашық сынаған кез-келген қазақстандықтың басына түсер оқиға екені сөзсіз.

Көршіміз мақтағанды, жақтағанды жақсы көрсе де, ақиқатты айтқандарды ұнатпайтыны белгілі.

Сонымен елімізде  цифрландыру қарқын алды. Президент өз жолдауында үш жылдың ішінде Қазақстан толық цифрлық мемлекетке айналу керек деген тапсырма берді.

Елімізге түрлі шетелдік, отандық цифрлық платформалар келе бастады. Президентті шақырып, жетістіктеріміз деп көрсетіп, тамсандырып қойдық. Бірақ ол астана төңірегінде ғана цифрландырылып жатыр.

Ал ауылдар мен аудандар цифрсыз кұн көруде. Бұл «тамсанулар маусымы» қашанға дейін жалғасары белгісіз.

Әрине  біз цифрландыруды толық қолдаймыз. Бірақ мұның бәрі отандық өнім болса және халықтың жеке деректері мен банктік т.б құпиялары толық сақталғанын қалаймыз.

Өткен жылы бір микроқаржы ұйымы 2,5 миллионға жуық қазақстандықтардың жеке дерегін шетелге таратып жіберді.

Шуладық та қойдық. Енді сол жеке деректерді пайдаланып алаяқтар күнделікті шабуыл жасап, халыққа миллиондаған тенгенің моральдық және материалдық шығындарын әкелуде. Түптің түбінде халық зардап шекті.

Бұл туралы сұқбатта Азаматхан Әміртаев ескертіп айтты. Мән берген ешкім болды ма? Жоқ. Алайда Ресейдің біздегі тыңшылары мен қауіпсіздік қызметі бәрін түсініп, біліп, аңдып отыр.

Ал қазір бұл деректер кімнің қолында. Өткен жылдары Парламенттің депутаттары да бұл мәселені кеш те болса көтергенсіді. Талқылады. Қалды. Дайын сұраққа, дайын жауап берілді. 
Яғни, кеше «радикалды пікір» болған нәрсе, бүгін мемлекеттік деңгейдегі проблемаға айналды.

Азаматхан Әміртаев өз сөзінде «Цифрлық тәуелсіздік – жаңа майдан. Ресейлік «Сбербанктің» ел аумағында еркін жұмыс жасап, миллиондаған қазақстан азаматтарының жеке ректерін оңды-солды пайдаланып отырғанын ашық айтақан Азаматхан Әміртаев болашақта болар қауіпті болжап саясаткер ретінде терең түсініп айтып отыр.

Тіпті Президенттің өзі ел аумағынан миллиардтаған қаржыны шетелге шығарып отырған банкіні анықтап тексеруді тапсырған еді. Уақыт өте келе бұл жұмыс та сиырқұйымшақтанып барады.  

Яғни, елдегі ішкі және сыртқы күштер Президент тапсырмасын жылдам орындауға мүмкіндік бермей отыр деген болдам бар. Азаматхан Әміртаев сұқбата осыны ескертіп айтқан еді.

Біз әлі толық түсініп үлгермеген шындықтың бірі  тәуелсіздік тек жер мен шекарамен өлшенбейді. Ол деректермен, алгоритмдермен, цифрлық инфрақұрылыммен, ақпараттың ауқымдылығымен өлшенеді.

Егер азаматтардың жеке мәліметтері, мемлекеттік басқару жүйелері, қаржылық ағымдарын сыртқы күштер  бақылауға алса онда тәуелсіздік формалды ұғымға айналады». Шындық па? Шындық!

Енді Азаматхан Әміртаевты Ресейге кіргізбеу жай кездейсоқтық емес саяси логикасы  бар мәселе екенін түсінген боларсыздар.

Азаматхан Әміртаев сонау 2021 жылы «цифрлық тәуелсіздік туралы ашық айтты, Үкіметтің ұстанымын ашық сынады.

Сыртқы күштердің  ықпалына қарсы позиция ұстанды. Экономикалық және технологиялық тәуелділікке сын көзбен қарады. Мұндай позиция қазіргі геосаяси жағдайда бейтарап саналмайды.

Бұл – жүйеге қарсы пікір. Ал жүйе әрқашан өзін қорғайды.

Бұл оқиға нені білдіреді?

Біріншіден, Қазақстан жаңа кезеңге өтті. Бұл кезеңде басты күрес – цифрлық кеңістікте жүреді.

Екіншіден, саяси алаңда қоғамдық пікір үшін жауапкершілік күшейді.

Саяси көзқарас енді тек ел ішінде емес, халықаралық деңгейде де талқыланып, салдарында түрлі қоғамның белсенді өкілдеріне санкциялар салынуы мүмкін. 

Үшіншіден, ұлттық қауіпсіздік ұғымы түбегейлі өзгерді.

Енді қауіп танкпен емес, пікір, ақпарат, дерек арқылы келеді.

Азаматхан Әміртаевтың 2021 жылғы сөзі – эмоция емес, бүгінгі күнге қойылған нақты диагноз болды.

Ал оның Ресейге кіре алмауы сол диагноздың қаншалықты дәл болғанын көрсететін жанама дәлел.

Бұл жерде мәселе бір саясаткерде емес. Мәселе Қазақстанның болашағы қандай болады? Цифрлық тәуелсіз ел ме, әлде технологиялық тәуелді мемлекет пе?

Осы сұраққа жауап беру  енді тек саясаткерлердің емес, бүкіл қоғамның міндеті.

Ал Қазақстан туралы аузына келгенді айта беретін саясатшыларға Қазақстанда неге еліміздің аумағына кіруге тиым салмайды. Тіпті экономикалық санкцияларда қолдануға болар еді ғой.

Азаматхан Әміртаевпен хабарласқанымызда «Біз Ресеймен стратегиялық әріптес, саяси-экономикалық қарым – қатынастағы, бейбітшілік пен тұрақтылықты қалайтын елміз. Сондықтан да бұл мәселенің саяси астары белгілі. Біз Президентіміздің көпвекторлы саясатын қолдай отырып, көрші елдермен экологиялық байланысымызды үзбейміз әрі жалғастыратын боламыз» деді. 

Баяжұма Асылбек, журналист

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *