Дариға Бадықова экс-күйеуінен сұхбат алған Нұрсейіт Жылқышыбайды сотқа беріп жеңілді

Жаңалықтар
view 73
news

Фотосурет: әлеуметтік желіден

Заңгер Инга Иманбай әлеуметтік желісінде актриса Дариға Бадықовамен болған сот ісіндегі жеңісі туралы жазба жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

«Кезекті жеңісіммен бөліскім келеді. Біз сотта Дариға Бадықованы жеңдік. Бұл істе мен журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың өкілі ретінде қатыстым және оны толық қорғап шықтым. Дариға ханымның соттағы талабы қандай болды? 2025 жылғы 4 қазандағы YouTube-тағы сұхбатты шындыққа сәйкес келмейді деп тану, видеоны өшіру, айтылған сөздер үшін жария түрде кешірім сұрату, 1 000 000 теңге моральдық зиян өндіру, 2 500 000 теңге заңгерлік шығынды және 802 128 теңге сараптама ақысын өндіріп беру. Сот бұл талаптардың барлығын толық қанағаттандырусыз қалдырды», – деп жазды заңгер.

Инга Иманбай сөз бостандығын қорғау – кәсіби міндет қана емес, ішкі ұстаным екенін атап өтті:

«Менің бірінші жоғары білімім – журналистика, екінші мамандығым – заңгер. Бұл жерде мен ешкімнің жеке өміріне араласқан жоқпын. Мен қорғаған нәрсе – журналистің кәсіби еркіндігі, пікір алуандығы және авторды өз шығармашылық өнімін өшіруге мәжбүрлеуге жол бермеу принципі. Бұл жеңіс – бір адамды жеңу емес. Бұл – сөз бостандығын қорғау, журналистиканы сот арқылы тұншықтыруға жол бермеу және құқықтық мемлекет принципін сақтау», – деп түйіндеді заңгер.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *