Дәрігерлер әйелдің ішіне дәке қалдырған: Бір апта кешіккенде тірі қалмас еді

Жаңалықтар
view 186
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Алматыдағы перзентханалардың бірінде кесір тілігімен босанған әйелдің ішінен дәрігерлер дәке қалдырып кеткен. Бұл туралы заңгер Анна Чернова мәлімдеді, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі. 

Бәрі УДЗ-ден кейін "таза" деп шығарылған

Үшінші баласын дүниеге әкелген әйел отадан кейін бір күннен соң қатты ауырсыну сезініп, дәрігерлерден тексеруді сұраған. Бірақ ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) нәтижесінде “бәрі дұрыс” деп үйіне жіберген.

“Клиентіміз 9 ай бойы ауырсынуға шыдап келді. Жүру, ұйықтау, тамақ ішу, тіпті баланы көтеру мүмкін болмады”, – дейді заңгер.

🧬 Қатерлі ісік деген күдікпен ауруханаға жатқызылған

2025 жылдың мамыр айында КТ (компьютерлік томография) барысында ішінен бөгде зат табылған. Ал дәрігерлер оны “қатерлі ісік болуы мүмкін” деп, шұғыл ауруханаға жатқызады.

🛑 Операция кезінде дәке табылды

3 маусымда жасалған күрделі операция кезінде іштен дәке табылды. Дәрігерлердің кесір тілігі кезінде дәкені іште ұмытып кеткені анықталды.

7 сағаттық ота, зақымданған ішек

  • Дәке ішкі ағзаларды қабындырып, перитонитке алып келген
  • Ішектің бір бөлігін алып тастауға тура келген
  • Ота 7 сағатқа созылып, оған 4 хирург қатысқан

Бір апта кешіккенде аман қалмайтын еді

Дәрігерлердің айтуынша, операция дер кезінде жасалмаса, науқас тірі қалмайтын еді.

Қазір әйел калоприемникпен өмір сүруде. Толық қалпына келуі үшін оған тағы бір ауыр операция қажет, ол кемінде 1,5 жылдан кейін жасалады.

🔎 Ресми тексеру басталды

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бұл оқиғаға қатысты Медициналық қызмет сапасын бақылау комитетіне ресми шағым жолдағанын мәлімдеді.

“Қазір тексеру жүріп жатыр. Қорытындысы шыққан соң, заң аясында шаралар қабылданады”, – деп хабарлады ведомство.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *