Дарынды жастар марапатталды
Қосшы жаңалықтары
345
Қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен отбасы, еңбек және ұлттық құндылықтарды дәріптеу, еңбек адамына деген сый-құрметін арттыру, шығармашыл жастарды қолдау мақсатында “Мұзбалақ” шығармашыл жастар байқауы өтті.
Байқауға жұмыстар эссе және поэзия бағыттары бойынша қабылданды. Ниет білдірушілерге «Тілге құрмет – елге құрмет», «Отбасы құндылықтары», «Еңбек – өмірдің ажары» деген тақырыптар ұсынылды.
Нәтижесінде, поэзия бағыты бойынша 1 орынды Үсен Табысбек иеленді. 2 орынды Айымжан Жамалова, 3 орынды Дінжан Құсайын алды.
Ұлдана Тленчиева эссе бағыты бойынша жеңіске жетсе, Балжан Канапияева 2 орынға, ал Тойгүл Аман мен Жұлдыз Сабирова 3 орынға ие болды.
Оқушылар арасында Азия Елеужан жеңімпаз атанды. Жүлделі 2 орын Інжу Тілек пен Ақсәуле Асхатқызына бұйырды, ал 3 орынды Мадина Әбілқас пен Асиля Оралбек иеленді.
Барлық жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдармен, алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Динара НҰРАХМЕТ
Оқи отырыңыз
Қосшы жаңалықтары
Қосшы қаласында жаңа туған нәрестенің денесі жол жиегінде табылды
Қосшы жаңалықтары
Қосшыда ұлттық рухты ұлықтаған ауқымды іс-шара өтті
Қосшы жаңалықтары
Қосшыда жас жұбайлар референдумда дауыс берді
Пікірлер (0)