Дауыл&дабыл: БҚО-да 16 мыңнан аса абонент жарықсыз қалды

Жаңалықтар
view 152
news

Фотосурет: astanatv.kz

Батыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына байланысты үзілген электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі inform.kz-ке сілтеме жасап.

БҚО энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, облыстың 5 ауданындағы 63 елді мекенде электр желілеріне зақым келген. Атап айтқанда, электр жарығы Жәнібек ауданындағы 12, Бөкей ордасындағы 18, Тасқаладағы 8, Казталовтағы 16, Бәйтеректегі 9 ауылда және Оралда сөнді.

Бүгін 15:00-дегі мәлімет бойынша, 16 мыңнан аса абонент жарықсыз қалған. Газбен қамту желілері бойынша жағдай тұрақты, ажырату болған жоқ.

Қазір Орал қаласындағы Зачаган кентінде жарық жоқ. Тұрғындар осыған алаңдаушылық білдіріп отыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *