Талдықорғанда «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтті
Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы
Талдықорған қаласындағы "Оқушылар сарайында" педагогтардың шығармашылық әлеуетін ашу, кәсіби дамуын қолдау, сондай-ақ мектеп басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және кеңінен тарату мақсатында «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының облыстық кезеңі жоғары деңгейде өтті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Аталған іс-шараға директорлар мен директордың орынбасарлары, білім беру ұйымдарының барлық түрлері мен типтерінің педагогтері, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен әдіскерлері, музыка қызметкерлері, қосымша білім беру педагогтері, сынып жетекшілері, психологтар мен логопедтер қатысты. Фестиваль алаңы тәжірибе алмасуға, жаңа идеялар ұсынуға және үздік педагогикалық тәжірибелерді таныстыруға мүмкіндік беретін тиімді кәсіби диалог ортасына айналды.
Конкурс барысында қатысушылар білім беру үдерісіне енгізілген заманауи әдіс-тәсілдер мен шығармашылық жобаларын ұсынып, педагогикалық шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті. Іс-шара педагогтердің кәсіби ынтымақтастығын нығайтып, білім беру саласындағы инновациялық бастамаларды дамытуға серпін берді.
Пікірлер (0)