Қар, бұрқасын, жел: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Жаңалықтар
view 29
news

Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» 15 желтоқсанға жасалған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, қар жауады, көктайғақ болады. Жел 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде және күндіз −8…−10°C, аяз болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, қар аралас жаңбыр жауады. Жел 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз −1…+1°C, кейін төмендейді, көктайғақ болуы мүмкін.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде −2…−4°C, күндіз 0…+2°C.

Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде 0…−2°C, күндіз 0…+2°C.

Ақтөбеде бұлтты, қар жауады. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с, бұрқасын соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз −11…−13°C, аяз болады.

Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–18 м/с. Түнде −7…−9°C, күндіз −3…−5°C.

Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, қар жауады. Жел 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз −7…−9°C, бұрқасын соғады.

Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, қар жауады. Жел 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз шамамен 0°C, кейін төмендейді, көктайғақ болады.

Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, қар жауады. Жел 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз −8…−10°C, аяз болады.

Қонаевта көшпелі бұлт шығады, қар аралас жаңбыр жауады. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 0…−2°C, кейін төмендейді, көктайғақ болады.

Қостанайда бұлтты, қар жауады. Жел 15–20 м/с, екпіні 23 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз −12…−14°C, аяз болады. 

Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 15–20 м/с. Түнде −3…−5°C, күндіз 0…−2°C.

Павлодарда бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз −3…−5°C, кейін төмендейді.

Петропавлда бұлтты, қар жауады. Жел 15–20 м/с, екпіні 25 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз −8…−10°C, бұрқасын соғады.

Семейде көшпелі бұлт шығады, жабысқақ қар жауады. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 0…−2°C, тұман түсуі мүмкін.

Талдықорғанда бұлтты, қар жауады. Жел 3–8 м/с. Түнде −2…−4°C, күндіз 0…+2°C.

Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде −3…−5°C, күндіз −1…+1°C.

Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде −2…−4°C, күндіз −1…+1°C.

Оралда бұлтты, қар жауады. Жел 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с. Түнде −10…−12°C, күндіз −7…−9°C, бұрқасын соғады.

Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жабысқақ қар жауады. Жел 7–12 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде 0…−2°C, күндіз 0…+2°C, тұман түсуі мүмкін.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *