«Дауысын емдеуі керек»: Арынбаев Қайрат Нұртас туралы шындықты айтты
Фотосурет: видеодан скриншот
Әнші Медеу Арынбаев әріптесі Қайрат Нұртастың қазіргі шығармашылық белсенділігі мен дауыс жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, Қайрат Нұртас соңғы жылдары тоқтаусыз гастроль мен той-думандарда өнер көрсетіп, даусына үлкен күш түсіріп жүр. Сондықтан оған ең әуелі тынығып, дауысын қалпына келтіру аса маңызды.
Қайраттың демалысы жоқтың қасы. Ол ән айта алмаса, халық оны осылай құрметтемес еді. Халықтың таңдауы әрдайым дәл. Оның ырғақты сезінуі мықты, өзіндік интонациясы бар. Дауысының қобызға ұқсас қызылы – жұртқа жақын қасиет. Бірақ қазір ол фониатр маманына қаралып, дауысын емдеуі керек. Бұл – ұзақ еңбекті талап ететін процесс. Біз айына немесе аптасына бір рет қана сахнаға шықсақ, ол күн құрғатпай жол үстінде, тойларда жүр. Мұндай қарқын кез келген дауысқа ауыр, – деді Медеу Арынбаев.
Пікірлер (0)