"Денесінің 50 пайыздан астамын күйік шалған": Оралда құрбандық шалмақ болған 3 адам ауыр жарақат алды
Сурет: видеодан скрин
Оралда құрбандық шаламыз деп жарақат алған үш адам ауыр жағдайда жатыр. Бұл туралы Janabastau.kz 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жергілікті мал соятын жерде газ баллоны жарылған. Салдарынан бас-аяғы 10 адам күйіп қалған. Оның екеуі – кәмелет жасқа толмаған бала. Оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз. Төтеншеліктердің болжамынша, азаматтар бас үйітіп жатқан кезде газ баллоны жарылған болуы мүмкін.
“Үш науқас өте ауыр жағдайда реанимация бөліміне жатқызылды. Біреуінің есі есеңгіреу, өзі демалады, гемодинамикасы тұрақты. Қалған екеуі есін біледі. Сол бірқалыпты, ауыр жағдайда. Жансақтау бөліміне жатқызылған науқастардың көлемі 50-91%-ға жетеді”, – дейді Орал көпбейінді қалалық ауруханасы директорының орынбасары Дияс Жайлаубаев.
Пікірлер (0)