“Қасиетті қара шаңырақты масқаралады ғой”: Киіз үй ішінде ашық образда билеген жастар ел ашуын тудырды

Жаңалықтар
view 901
news

Сурет: видеодан скрин

Әлеуметтік желіде киіз үйдің ішінде билеген жастардың видеосы тарап, ел наразылығын тудырды. Қалың көпшілік ашық образдағы бишілердің әрекетіне шүйлікті,- деп хабарлайды Janabastau.kz.

Желіні шулатқан видео Instagram-дағы бірқатар пабликтерде жарияланған. Бейнежазбада қазақи стильде киініп алған жастардың киіз үйдің ішінде заманауи би билеп жатқанын көруге болады. Видеода бір ұл мен екі қыз бой көрсеткен. Олардың биі бірден оқырмандардың сынына ұшырады. Қалың көпшілік ашық образдағы жастардың биін тым ерсі санап, оларға наразылығын білдірді.

"Не түсірсе оны түсірсін бірақ қамзолды шешіп, киіз үйден шығып түсірсе жақсы болар еді", "Қазақтардың абыройын қор қылмай-ақ қойса болады ғой", "Қазақ халқымызда осындай қыздардың барына жаным ашиды. Ешқандай ар-ұят, намыс сияқты қасиет көрінбейді", "Ұлттық киімді қорлағаны үшін айыппұл салу керек", "Не істесеңіздерде өз еріктеріңіз! Бірақ, киіз үй мен ұлттық киімді қорламаңыздар", "Мына би қате болды. Өте ерсі", "Сөзім жоқ. Бұларды қолдап жатқандарға да айтарым жоқ", "Басқа билейтін жер табылмай қалды ма", - деп жазуда оқырмандар.

Ал журналист Нұрбек Бекбау оларды жазалау қажет деп жазды.

“Масқара-ай! Қасиетті қара шаңырақты масқаралады ғой, мынау пәтшағарлар. Қазақтың дәстүріне нәжіс жақты мыналар… Аяулы дүниемізді қорғай алмай, осылай қорлата береміз бе?ЛГБТ ұйымы осыған дейін күллі қазақтың аяулы-қастерлі тұлғалары жатқан Яссауи кесенесінің алдында алабажақ туын көтеріп еді. Мектеп оқитын қыздарға лесбилікті насихаттап Шымкентте жиын өткізген. Енді қазақтың қасиетті қара шаңырағын былғап, жиіркенішті мауығу жын-ойнағын билеп жатыр. Бұл тірлігі қазақтың бүкіл тарихына, дүние-танымына түкірдім,-дегені. Қолдарыңнан түк келмейді,-деп басынуы ғой… Тоқаев мырза, ұлттық мұрамызды бұлай масқаралағандарды жазаға тартуыңызды сұраймыз. Қазақи дүниелерді заңмен қорғауыңызды сұраймыз…”,- деп жазды ол.

Пікірлер (1)

  • Ат

    Кай дагы кара шанырак куйз Уй гой

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *