Депутаттыққа үміткерлер неге арнайы шотты бір ғана банктен ашып жатыр

Саясат
view 398
news

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина кандидаттардың бәрі неге арнайы шотты бір ғана банктен ашып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды janabastau.kz «Қазинформ» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Бұл – бәзбіреудің шешімі емес. Бұл – Орталық сайлау комиссиясының қаулымен рәсімдеген шешімі. Ол шешім қабылданған кезде «Халық банк» бүкіл ел аумағында филиалдар желісі бар банк болатын және кез келген науқанның сайлаушылары мен сайлау процесіне қатысушыларының көбіне қолжетімді болды», - деді Сәбила Мұстафина.

Еске салсақ, кеше Мәжіліс пен мәслихат сайлауының үгіт-насихат кезеңі басталды. Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясы партиялардың атаулары сайлау бюлетенінде қандай тәртіппен орналасатынын жеребе арқылы анықтаған болатын.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *