«Диагнозымды 46 жасымда білдім»: актер Азиз Бейшенәлиев аутизм туралы шындықты айтты

Жаңалықтар
view 104
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Белгілі актер Азиз Бейшенәлиев алғаш рет өзінің және ұлының аутизм диагнозы туралы ашық айтты, деп хабарлайды janabastau.kz Anyqtime.kz .kz порталына сілтеме жасап.

Отандық журналист Тимур Балымбетовке берген сұхбатында актер 46 жасында дәрігерлердің өзіне аутистикалық спектрдегі бұзылыс диагнозын қойғанын айтты. Бұл диагноз дәл сол уақытта ұлына да қойылған.

— Маған да, ұлыма да бір уақытта бір диагноз қойылды. Мен үшін бұл жаңалықты қабылдау оңайырақ болды, себебі өмірімнің біршама бөлігін өткізіп қойдым, көптеген адаммен байланыс орната алдым. Психиатрияда мұны мимикриялық аутизм дейді — сырт көзге байқалмайды, бірақ адамның ішкі күйі бөлек, – деді актер.

Ол кеңес дәуірінде мұндай ауытқулардың диагнозы мүлде қойылмағанын, сондықтан өзін «ерекше» екенін сезінсе де, нақты неден екенін түсінбегенін жеткізді.

— Диагнозымды 46 жасымда білдім. Сол сәттен кейін өмірімді саралап, көп дүниенің мәнін түсіндім. Актерлік мамандықты да өзіме бейсаналы түрде терапия ретінде таңдаған екенмін. Бұл – мені емдеген жол болып шықты, – дейді ол.

Алайда актер ұлына мұндай дертпен өмір сүру әлдеқайда қиын екенін жасырмады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *