ДІН ТАЗАСЫН ОЙ ТАБАР

Жаңалықтар
view 192

Кейінгі жылдары дінге қатысты мәселелер өзінің өзектілігімен аса өткір тақырыптардың біріне айналып, еліміздің қоғамдық өміріндегі күн тәртібінде алдыңғы қатарға шыға бастады. Бұл, бір жағынан, дінге сенушілер қатарының көбеюінен, екінші жағынан, діни экстремизм мен терроризм мәселесінің өсе түсіп отыруынан көрініс табады. Жаһандану заманында жастар дін туралы мәліметті ғаламтор арқылы ізденеді. Салдарынан улы уағыздарын насихаттап жүрген әртүрлі жат ағымдардың қармауына ілінген азаматтар қатары артады. Иә, бұл ауыр дерттің бірі - қоғам өміріне қауіп төндіндіретін экстремизм және терроризм болып отыр. Жат ағымға қарсы күрес – жалпыға ортақ міндет. Сондықтан, Қосшы қаласында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жастарды жат ағымдардан сақтандыру мақсатында биылғы жылдың өзінде көптеген тағылымды шаралар қолға алынып, ілкімді істер атқарылды. Жастардың діни сауаттылығын көтеру, олардың бойына адамгершілік құндылығын сіңіру және терісдіни ағымдағы идеологияларға қарсы тұра алатын иммунитет қалыптастыру – бүгінгі күннің басты мәселесіне айналып отыр. Жалпы Қосшы шаһарындада Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде ақпараттық насихаттау тобы жұмыс істейді. Олар азаматтардың теріс діни ағым жетегінде адасып жүрмеуін қамтамасыз ету үшін жүйелі түрде түсіндірме жұмысын, семинар-тренинг шарасын жүргізіп келеді. Бүгінде Қосшыда 1000 адамға шақталған мешіт бар. Онда бас имам, 4 наиб имам, яғни орынбасарлары, сонымен қатар 2 білімді теолог маманы жамағатқа қызмет етеді. Діни қызметкерлер білімін шыңдау үшін облыс көлемінде өтетін семинарға да қатысады. Айта кетсек, алдағы уақытта қалада тағы бір Алланың үйін салу мақсатында жер телімін бөлу жұмысы жүргізіліп жатыр. Айта кетсек, редакция ұжымы діни ахуалға байланысты қала жұртшылығы арасында «Дінің тұрсын дін аман» атты онлайн сауалнама жүргізіп көрді. Сауалнамаға 60-тан астам тұрғындар қатысты. Олардың басым бөлігі жастар болып отыр. Сауалнама барысында жастардың жат ағым жетегінде кету себебі ретінде респондеттердің 70 пайыздан астамы діни сауатсыздықты таңдады. Иә, теріс діни ағымның жетегінде жүргендер санының артуы қарапайым халықтың діни сауатының аздығынан немесе жоқтығынан туындайтынынын исламтанушы, теолог мамандар да растап отыр. Дінге толық таныммен, біліммен келмей шала сауатпен келіп, өзінің қалай адасқанын аңғармайда қалады. Теріс ағымға арбаушылар көбінесе өмірлік тәжірбиесі аз, уақытша қиындыққа төзімсіз, діни сауаты таяз жастарды тартуға тырысады екен. Сауалнамаға қатысушылардың 20 пайызы ғаламтормен әлеуметтік желілердегі тыйым салынған уағызшылардың уағыздары жастарды жарға жығуға итермелейтін фактор деген нұсқаны таңдады. Олардың пікірінше, интернетте жарияланған мәліметтерге, видеоларға имандай сеніп, оларға лүпіл басып, пікір жазып қалай теріс ағымға түскенін байқамай қалады екен. Тіпті осындай ақпараттарды достарымен бөлісіп, от басып сотталып жатқандары қаншама?! Ал қалған қатысушылар баланың өзге ағымға кетіп қалуына жұмысбасты ата-аналардың бала тәрбиесіне немқұрайлы қарауы себеп дегенді алға тартты. Олар, бақылаусыз кеткен баланың дәстүрлі емес діни ағымдағылардың қақпанына түсіп қалу мүмкіндігі өте жоғары деп есептейді. Расында, терроризм, экстремизммен күрес, оның алдын алу тек өкілетті органдардың, мемлекеттік мекемелердің ғана айналысатын мәселесі емес, әрбір азаматтың тікелей міндеті екенін түсіну керек.Сонымен қатар әрбір ата-ана дін мәселесіне келгенде баласының дәстүрлі діни ағым бойынша білім алып жатқанына көз жеткізуі қажет. Осы тұста, өзіміз ұстанған дәстүрлі дінімізді бұрмалаушыларға жол бермей, басқа ағым жетегінде жүргендерді дұрыс жолға салу тек теолог немесе имамдардың жұмысы деген түсініктен де арылған жөн. Ал Қосшыда жыл басынан бері жоғарғы оқу орындарында, қоғамдық орындар мен медреселерде, білім беру ұйымдарында «Дін мен дәстүр» тақырыбындағы кездесу, түсіндірме шаралары іске асып, нәтижелі жұмыстар жүргізілді. Бұл туралы Ақмола облысы Дін істері басқармасының Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының теолог маманы Абзал Сарденов мәлімдеді. «Біздің негізгі мақсатымыз, діни экстремизм мен терроризмніәң алдын алу. Биыл Қосшы қаласында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Нәтиже де жаман емес деп ойлаймын. Дәстүрлі дінге бет бұрып, жат ағымның жетегінде кетпеуін бақылауды күшейтіп жатырмыз. Бүгінгі таңда Қосшыда жат ағымдарға қарсы күресте тың серпін бар екендігі байқалады. Бұл ортақ іске теолог мамандар, имамдардан бөлек, Ішкі саясат басқармасы мен қатар Жастар ресурстық орталығының мамандары, еріктілері де ат салысып жатыр. Олар арнайы дістүрлі дін туралы маағлұматы бар жадынамаларды жастарға таратты. Биылғы жылдың өзінде біздің исламтанушы, теолог мамандарымыз Қосшы қаласы аумағындағы түрлі мекемелерде көптеген іс-шаралардың өз деңгейінде өтуіне ұйытқы болды»,- деді теолог, исламтанушы Абзал Сарденов.

Раяна ТАЛАПҚЫЗЫ

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *