Ақтөбеде анасын өлтіріп, әжесін жарақаттаған оқушы туралы сұмдық дерек шықты

Жаңалықтар
view 94
news

Фото: stan.kz

Ақтөбеде немересінің шабуылынан аман қалған 71 жастағы қария түнде шошынып оянатынын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Ақтөбеде оқушы анасын пышақтап өлтірген

Ақтөбеде анасын пышақтап өлтірді деген мектеп оқушысы әжесіне де ауыр жарақат салған. 71 жастағы әже 2 желтоқсанда түнгі 01:40-та №1 қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді.

Дәрігерлердің айтуынша, қарияның денесінде көптеген кесіп-тесілген жарақат бар.

Бес жерінен жарақат алған, қабырғасы сынған. Кеуде қуысына, іш қуысына жабық жарақат салған. Кесіліп, тесілген жарақаттар аяқ, қолдарында бар екені анықталды. Барлық диагностикалық шара жүргізілді. Инфузионды, шоктан шығару терапиясы жасалды. Қазір жағдайы орташа ауыр. Ем толық жүргізіліп жатыр. “Естімеймін, балам естімеймін" деп ештеңе айтпайды. Әңгімесін айтады. Бірақ сұрақ қойсаң естімейді, – деді №1 қалалық көпсалалы аурухананың бас дәрігері Қадірбек Иманбаев Stan.kz берген сұхбатында.

Дәрігерлер жағдайы орташа ауыр гемодинамикасы тұрақты деп бағалайды. Күн сайын жаралары тазаланып, таңылып жатыр. Онымен психолог мамандар жұмыс істеуде.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *