Ақтөбеде оқушы анасын пышақтап өлтірген

Жаңалықтар
view 90
news

Фото: © istockphoto.com

Ақтөбеде 11-сынып оқушысы анасын пышақтап өлтіріп, әжесін өлтіруге оқталды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі аса ауыр қылмыс қаладағы пәтерлердің бірінде болғанын айтты.

Шақыртуға келген полиция қызметкерлері зорлық-зомбылықпен өлтірілген әйелдің денесін тапты. Сонымен қатар сол пәтерде пышақ жарақатын алған егде жастағы әйел медициналық мекемеге жеткізілді, - деп хабарлады полиция.

Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті кінәсін мойындады.

Бұған дейін Ақмола облысында ер адам 14 жастағы қызды пышақтап өлтіргенін жазған болатынбыз.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *