«Қазақстанда қытайлар қаптап кетті»: Ауыт Мұқибек дабыл қақты (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 83
news

Фото: видеодан скрин

Белгілі қоғам қайраткері, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің штаттан тыс кеңесшісі Ауыт Мұқибек Астана мен Алматыда қытайлықтар қаптап кеткенін айтып, дабыл қақты, деп жазады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

«Базардың бәрін қытайлар алып қойды»

Ол Qasqa jol YouTube-арнасына берген сұхбатында ҚХР-ның азаматтары елімізде өз көліктерімен еркін жүре беретіндерін, ал қазақстандықтардың Қытайға машинамен кіре алмайтынын жеткізді. 

Алматыға барсаңыз қытайдың машинасы қаптап жүр, Астанада да жүр. Олар көлігімен бір-ақ келеді, біздің азаматтар солай Қытайға бара ма?  Жоқ, біздікі бару үшін үшін кемінде 4-5 млн теңге ақша төлеуің керек екен. Ал олар бір жылға 100 мың теңге төлеп қана көлігімен кіріп жүр. Арзан бензинімізді құйып, «багын» толтырып Алматыда жүр.

Қазақстанға келген қытайлар қонақ үйде жатып жүрген жоқ, Алатаудың етегіндегі зәулім үйлерде жатыр. Тамағын да өзімен әкеледі, сенің қонақ үйіңе жатып, рестораныңнан тамақ жеп жатқаны шамалы олардың. Оларға Қазақстанға келсең кемінде бес жұлдызды қонақ үйде жатуың керек деп міндеттеу керек еді. Әсіресе, Қытайдан келген қазақтар қайта барса, оларды туыс-туғанының үйіне жатқызбай, мәжбүрлеп апарып қонақ үйге жатқызады полиция. Базардың бәрін қытайлар алып қойды, өздері тауар әкеліп, өздері қоймаға қойып тұрып сатып жатыр. Қазақ байғұс далада қалып жатыр. Отандық өнім өндіру деген Қазақстанның түсіне де кірмейтін болды, қытай арзанын әкеп сатады. Біздер шектеу қоя алмаймыз, — деді министрдің кеңесшісі.

«Тұжырымдама түкке жарамсыз болып қалды»

Ауыт Мұқибек ішкі көші-қон саясатын сынға алып, бөлінген қаражатты әлдекімдер талан-таражға салғанын айтты.

Мәулен Әшімбаев біз күткен нәтиже берген жоқ деді. Ішкі көші-қон нәтиже бермесе, сыртқы көші-қон да шешілмеген. Кезінде солтүстікке, иен жатқан ауылдарға оңтүстіктен адам апару, қоныстандыруға бір миллиард теңге бөлінген. Оны жеп қойды, көші-қонға бөлінген қаражатты. Арзан үй алып, мәселен, ауылдағы үйді 150, 200 мың теңгеге сатып алып, оны бәлен миллион деп көрсетеді. Мен Президенттің саясатын жүз пайыз қолдаймын. Бірақ ол мәжбүрлі түрде емес, ынталандыру арқылы жасалуы керек. Бұның ел болып бір тиімді жолдарын ойлап табуымыз керек. Бектенов жуырда көші-қон тұжырымдамасын жаса деді. Яғни, Тамара Дүйсенованың кезіндегі тұжырымдама түкке жарамсыз болып қалды. Бірақ қыруар қаржы желге ұшты,  — деді ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *