Сенат ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу мәселесін қарауды неге кейінге қалдырды

Жаңалықтар
view 19
news

Фото: Сенат

Бүгін Парламент Сенаты отырысында ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу жөніндегі заң жобасы қаралады деп жоспарланған болатын. Алайда бұл мәселе күн тәртібінен алынып тасталды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Мән-жай

Tengrinews.kz сайтының жазуынша, 3 желтоқсанда Сенаттың ресми Telegram-арнасында апталық отырыстың анонсы жарияланып, күн тәртібіне үш мәселе енгізілген болатын:

  • Жер қойнауын пайдалану туралы кодекс – геологиялық зерттеу, барлау-өндіру келісімшарттары, уран және көмірсутек саласын жетілдіру.
  • Әкімшілік әділет және заң шығару мәселелері – ӘРПК нормаларын жаңарту, адвокаттар, нотариустар мен сот орындаушылары қызметін реттеу.
  • Архив және құқыққа қайшы контент – дербес деректерді сақтау тетіктерін күшейту, цифрлық мұрағатқа құжат тапсыру тәртібін нақтылау (ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу).

Күн тәртібінен не үшін түсіп қалды?

Алайда кейін жарияланған жаңартылған анонста үшінші мәселе  ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу күн тәртібінен алынып тасталған.

Сенаттың баспасөз қызметі мәселенің «кейінірек қаралатынын» мәлімдеді. Себебі жекелеген нормаларды қосымша пысықтау қажет көрінеді.

Заң жобасы Қазақстанның Еңбек кодексіне және тағы 12 заңға өзгерістер енгізеді. Бұл ауқымды жұмыс, сондықтан қосымша уақыт қажет, делінген ресми түсініктемеде.

Сонымен қатар заң балалардың құқықтарын қорғау мәселесін қамтитыны, ал бұл салада аса мұқият және салмақты қарау қажет екені атап өтілді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *