Тіс дәрігеріне барған тағы бір бала қайтыс болды
Фото: CC0/Michal Jarmoluk
Алматы қаласында тіс дәрігеріне барған бала қайтыс болды. Қайғылы оқиғаны қалалық Полиция департаменті ресми түрде растады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «25 млн теңге талап етті»: Тіс дәрігерінің алдында көз жұмған баланың өліміне қатысты тың дерек шықты
Наурызбай ауданының Полиция басқармасына кәмелетке толмаған баланың қайтыс болуына байланысты өтініш түсті.
Қазіргі уақытта тергеудің толықтығы, жан-жақтылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Полиция департаменті.
Ведомство мәліметінше, іс материалдары тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне тексеру жүргізу үшін жолданды, оның нәтижесі бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады.
Пікірлер (0)