188 млрд теңге қарыз: Елімізде 50 мыңнан астам адам банкрот деп танылды

Жаңалықтар
view 95
news

Фото: qazaly.kz

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында банкрот деп танылған қазақстандықтардың жалпы қарызы 188 млрд теңгеге жеткенін айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: 90 күннен асқан: Халық несиесін төлей алмай жүр

Қымбатшылық қысып барады: Ұлттық банк 2026 жылы инфляция жоғары болады деп болжайды

Оның дерегінше, жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша заңнама кезең-кезеңімен жетілдіріліп жатыр. Биыл қабылданған өзгерістердің қатарында 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін жасалған қарыз шарттары бойынша міндетті түрде қарызды реттеу талабының алып тасталуы бар. Сонымен бірге борышкерге соттан тыс банкроттық рәсімін себеп көрсетпей тоқтатуға мүмкіндік берілген.

Сондай-ақ банкроттың қаржы ұйымдары алдындағы барлық міндеттемелері, кредиттік бюролар базасында көрінбейтін қарыздарымен қоса, толық тоқтатылады.

Қазір парламентте ломбардтарды соттан тыс банкроттық рәсіміне қатысатын кредиторлар тізімінен шығару жөніндегі түзетулер қаралып жатыр. Бұдан бөлек, берешегі 1600 АЕК-тен аспайтын азаматтар үшін банкроттық рәсімінің мерзімін қысқарту ұсынылған.

Жеке тұлғалардың банкроттығы Қазақстанда 2023 жылғы 3 наурыздан бастап қолжетімді болды. Осы уақыт ішінде мыңдаған азамат қарыз мәселесін түбегейлі шешу үшін осы тетікке жүгінген.

2025 жылдың маусым айының соңында қаржы нарығын дамыту, тұтынушылар құқығын қорғау және байланыс саласына қатысты бірнеше заңға өзгерістер енгізілген жаңа құжатқа қол қойылды. Ол "Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" заңды жетілдіруді де қамтиды. Енгізілген түзетулер азаматтарға қарызды кешіртуге немесе төлемді кейінге шегеруге мүмкіндік бере отырып, олардың қаржылық жағдайын жеңілдетуге бағытталған.

Бұл өзгерістер 31 тамызда күшіне енді және бұған дейін өтініші қабылданбай қалған борышкерлерге де өз мәселесін қайта қаратуға жол ашады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *