Владимир Зеленскийді 4 белгісіз дрон аңдыған

Жаңалықтар
view 20
news

Фото: oxu.az

Әскери құрылғылар Владимир Зеленский мінген ұшақтың бағытына қарай ұшып, тыйым салынған аймақты бұзған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

The Journal басылымының дереккөздері "әскери үлгідегі" төрт дронның Зеленскийдің борты ұшуы тиіс болған Дублин әуежайы маңына дейін жеткенін мәлім еткен. Десе де ұшақ кестеден бұрын қонып, дрондармен бетпе-бет кездесу оқиғасы болмады. Дрондардың Дублин маңына жасырын түрде орналастырылған Ирландияның әскери кемесі тұрған бағытқа қарай ұшып кеткені анықталды.

Ирландия қарулы күштерінің дрондарды неге атып түсірмегені белгісіз. 

Арнайы қызметтің пайымынша, дрондар Дублиннің солтүстік-шығысынан ұшырылған және ауада екі сағат қалықтаған. Әзірге оларды кім және қандай мақсатта жібергені, қазіргі орналасқан жері белгісіз болып тұр. 

Басылым Ирландия қауіпсіздік қызметінің дерегіне сүйеніп, дрондардың үлкен, өте қымбат әрі әскери мақсатқа арналған құрылғылар екенін, оқиғаны "гибридтік шабуыл" деп қарастыруға болатынын жазды. Бірақ оқиғаны нақты қастандық деп айтуға ерте. 

Осы оқиғадан соң Ирландияның жоғары басшылығы шұғыл жиын өткізуге мәжбүр болған. Сол себепті Зеленский мінген ұшақ дрондармен байланысты тәуекелді азайту үшін Дублиннен арнайы қауіпсіздік шараларымен ұшып шықты. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *