Астанада екі автобус соқтығысып, жүргізуші қаза тапты

Жаңалықтар
view 19
news

Фото: Астана қалалық ПД баспасөз қызметі

Жол-көлік апаты 4 желтоқан, кеше кешкісін Қошқарбаев көшесінде болған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәліметтер бойынша, шағын автобустың жүргізушісі рөлге ие бола алмай, тоқтап тұрған маршруттық автобусқа соғылған. Алған жарақаттарының салдарынан шағын автобустың жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Екі жолаушы әртүрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілуде, – деп хабарлады Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *