Қосшы қаласы қаласы әкімінің кубогы
Фото: Әкімдік
Қосшы қаласындағы «ALAN» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Республика күніне орай 7–8 сынып оқушылары арасында футзалдан Қосшы қаласы әкімінің кубогі өтті.
Турнирге Қосшы қаласының мектеп командалары қатысып, тартысты ойындарда өзара бақ сынасты. ⚽️
🏆 Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 I орын — IT мектеп-лицейі
🥈 II орын — Мектеп-гимназия
🥉 III орын — №2 жалпы орта білім беретін мектебі
Осылайша, Қосшы қаласы әкімінің кубогін IT мектеп-лицейінің командасы иеленді! 🏆
Аталған турнирді алдағы уақытта жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу жоспарлануда. Басты мақсатымыз – жасөспірімдерді спортқа баулу, салауатты өмір салтын насихаттау және спортқа бейімі бар жас таланттарды анықтап, олардың шеберлігін шыңдауға мүмкіндік жасау.
Пікірлер (0)