Дубайда Қазақстанның сауда үйі ашылады
Жаңалықтар
174
Біріккен Араб Әмірліктерінің орталығы Дубайда Қазақстанның сауда үйі ашылады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев ведомствоның алқа мәжілісінде мәлім етті. Бұл туралы janabastau.kz хабарлайды.

«Келесі аптада Дубайда QazExpoCongress ұлттық компаниясының «Қазақстан» сауда үйін ашамыз. Павильонды отандық тауарды ілгерілетуге барынша белсенді пайдаланамыз. Ол тек қана қазақстандық тауарлардың көрсетілім алаңы ғана болмайды. Алғаш рет инжиниринг қызметінің, медицина мен ІТ саланың өнімдерін ілгерілетпекшіміз», – деді министр.
Пікірлер (0)