Дулат Исабеков Мұхтар Мағауиннен кешірім сұрады

Жаңалықтар
view 251
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Жазушы Мұхтар Мағауиннің белгілі классиктер Мұхтар Шаханов пен Дулат Исабековпен ашық айтысы бұқара беттерінде тараған еді, деп хабарлады janabastau.kz.

Қазақтың үш классигі бір-біріне мақамды сөздерін арнап еді. Алайда Дулат Исабеков Мұхтар Мағауиннің мезгілсіз қазасын ауыр қабылдағанын жеткізді.

 

«Мұхтар Мағауин қайтыс болды деген хабарды естігенде өзім отырып қалдым. Кеше ғана сау адам сияқты айтысып отырған едік, бұл не болғаны? Адам өлмейтіндей жүреді екенбіз тіршілікте. Кейде ойлайтынмын, менен кейін қайтыс болатын шығар деп. Ай, айналайын Мұқа сәл-сәл артық айтып қойсам әруағы кешірсін. Артық айтқандай-ақ ештеңе жоқ сияқты деп ойлаймын. Егер де біреу артық деп ойласа кешірім сұраймын. Қазақ халқы үшін үлкен олжа тастап кетті. Сол енді артыңда мәңгілік шығармаларың қалды», - деді Дулат Исабеков.

 

Айта кетейік, Жазушы, драматург Дулат Исабеков отандық порталдардың біріне берген сұхбатында АҚШ-та тұратын жазушы Мұхтар Мағауиннің алыста жатып елдегі қаламгерлер бәйгесіне араласқаны үлкен қателік болғанын айтқан еді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *