«Эфирден алдырып тастадым»: Ұлықпан Жолдасов өзін әнші деп санамайды (ВИДЕО)
Жаңалықтар
178
Фотосурет: ашық дереккөзден
Әнші Ұлықпан Жолдасов Qazaqstan телеарнасындағы «Бәрекелді!» бағдарламасында қонақта болып, өзін әнші деп саанмайтынын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Ол әлемге әйгілі Димаш Құдайберген сияқтыларды ғана әнші деп айтатынын атап өтті.
Мен – орындаушымын. Кішкентай ғана қоңыр дауысым бар. Қарапайым адамнан айырмашылығым – әнді таңдай аламын. Гитара қосылғандықтан халыққа жақсы өтті. Әйтпесе шетелге таныстыратындай мықты әнші емеспін. Кезінде «Тамашада» орындаған әнімді қайта қарап шығып, «жоқ, бұл менің әнім емес» деп Ұлықпан Есенов ағамызға айтып, эфирден алдырып тастаған кездерім болды. Себебі ән маған сай келмеді, - деді өнер иесі.
Пікірлер (0)