Астанадағы алапат өртті 100 адам сөндіріп жатыр (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 466
news

Фотосурет: ТЖМ баспасөз қызметі

Елорда өрт сөндірушілері Сарыарқа ауданындағы Ықылас Дүкенұлы көшесінде орналасқан үш қабатты ғимаратта шыққан өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Хабарламаға сәйкес, құтқарушылар күшейтілген шақыру деңгейі бойынша жұмыс істеп жатыр.

Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды, 100 жеке құрам қызметкері және 24 техника жұмылдырылды, – деп мәлімдеді ТЖМ.

Ғимарат ашық жалынмен жанып, шатырдың бір бөлігі опырылып түскен. 112 нөміріне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Сағат 12:25-те ТЖМ өрттің 800 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілгенін хабарлады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *