Қазақстан азаматтары АҚШ-тағы ең қауіпті қылмыскерлер тізімінде тұр

Жаңалықтар
view 137
news

Фотосурет: Доминик Рейтер/Рейтер

Үш қазақстандық АҚШ-тың «ең қауіпті қылмыскерлер» тізіміне кірді. Олар шетелде жүріп, аса ауыр қылмыс жасаған. Бұл туралы АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігі хабарлады, деп жазады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Күдіктілердің бірі адамдарға күш көрсете отырып, ұрлық жасаған. Ол бұл әрекеті үшін тиісті жазасын алған. Екінші отандасымыз да Флоридада тонаумен айналысқан. Соңғысы қару қолданып, шабуыл жасағаны үшін сотталған.

Сондай-ақ Америкада жерлестерімізбен қоса, Украинаның 27, Арменияның 22, Ресейдің 18 азаматы қара тізімде тұр. Грузия мен Беларусь елінен де екі қылмыскер бар. Ал Латын Америкасының азаматтары тізімнің көш басында. Яғни деректер базасында мыңнан аса мексикалық бұзақы бар.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *