Ресей Ақтаудағы оқ тиген болуы мүмкін ұшақ апатына қатысты істі тоқтатып тастады
Фотосурет: Issa Tazhenbayev/AFP via Getty Images
Ресей Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL әуе компаниясының ұшағына байланысты қозғалған қылмыстық істі тоқтатты. Бұл туралы Әзербайжанның Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов мәлімдеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Malim.kz-ке сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, Бакуге Ресей Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин қол қойған ресми хат жолданған. Құжатта Ресей тарапынан ұсынылған «егжей-тегжейлі әрі салмақты ұстаным» баяндалғанмен, Әзербайжан жағына кейбір тұжырым түсініксіз болып қалған. Осыған байланысты Баку қылмыстық істің тоқтатылуына қатысты қосымша түсіндірме күтетінін жеткізді.
Бұған дейін 25 желтоқсанда Қазақстанның Көлік министрлігі апатқа қатысты алдын ала тергеу қорытындысын жариялаған болатын. Онда ұшақ қалдықтарынан жарылғыш заттардың ізі табылмағаны, алайда фюзеляждың оқ-дәрі фрагменттерінен зақымдалуы мүмкін екені айтылған.
Еске сала кетсек, AZAL әуе компаниясының Баку-Грозный бағытымен ұшқан жолаушылар ұшағы 2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау қаласынан шамамен 3 шақырым жерде апатқа ұшыраған болатын.
Пікірлер (0)