Елдің басты барлау қызметіне қалай кіруге болады?!
Саясат
173
Арнаулы мемлекеттік органдардағы қызмет әрқашан жоғары дәрежесімен, құпиялылығымен және қандай да бір романтикасымен ерекшеленген. Бүгін әркімнің жедел қызметкермен, техникалық барлау мамандарымен және талдау бөлімшелерінің қызметкерлерімен қатар тұруға мүмкіндігі бар.
Болашақ офицерлерді дайындау ҰҚК Академиясында, шекара академиясында, сондай-ақ, серіктестердің оқу орындарында жүзеге асырылады.
Мектептердің, колледждердің және училищелердің түлектері төрт жылдық мерзімді құрайтын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің оқу орындарына түсе алады. Ал серіктестердің жоғары оқу орындарындағы оқу мерзімі 3 жылдан 6 жылға дейін созылады.
Жоғары білімі бар мамандар тиісті қайта даярлау курстарынан өткен соң, жедел бөлімшелерге қабылданады. ҰҚК-нің басқа бөлімшелеріне конкурстық іріктеуден өткеннен кейін жұмысқа кіріседі.
Оқуға түсу кезінде құқық негіздері немесе саясаттану, эссе жазу бойынша білім деңгейі тексеріледі. Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер тапсырады. Сондай-ақ, әртүрлі жағдайларға байланысты берілген тапсырмаларды шешу арқылы кәсіби жарамдылықтары анықталады.
Оқу орындарына түскен үміткерлер стипендия алады, жатақханаларда тегін тұрады, медициналық қызметтерді және қамтамасыз етудің басқа түрлерін ала алады.
Тиісті талаптарға сәйкес келетін болашақ офицерлерді қызметке қабылдау туралы арыз беру үшін ҰҚК-нің аумақтық органдарына шақырамыз.
Толық және нақты ақпаратты сілтеме бойынша ҚР ҰҚК ресми сайтынан knb.gov.kz немесе электрондық үкіметтің сайтынан алуға болады.
Пікірлер (0)