Елдос Сметов Олимпиада ойынын жеңіспен бастады

Жаңалықтар
view 669
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Париж Олимпиадасында бүгін татамиге шыққан қазақстандық Елдос Сметов жарысты жеңіспен бастады, деп хабарлайды janabastau.kz.

Ол 60 келіде сынға түсіп, бірінші кездесуінде Нидерланд балуаны Торние Цакаджоені ұтты. Екеуара белдесу негізгі уақытта тең аяқталды. Төреші Сметовке екі рет шидо берсе, қарсыласы бір ескерту алды. 

Алайда шешуші сәтте Елдос қапы қалмай вазари ұпайын иеленіп, келесі кезеңге шықты. Айта кететін жайт, Нидерланд балуанын Токио Олимпиадасында қола жүлде үшін белдесуде ұтқан. 

Енді қазақ дзюдошысы келесі айналымда украиналық Дильшод Халматовпен күреседі. Оны жеңсе Сметов ширек финалға жолдама алды. 

Пікірлер (1)

  • Сәкен

    Жерлесіміз сәттілік

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *