«Елдостың ұрығы жоқ» деген дәрігер ағынан жарылды (ВИДЕО)
Сурет: видеодан кадр
«Экомед» клиникалар желісінің негізін қалаушы, репродуктолог Салтанат Байқошқарованың сіңлісі Перизат Байқошқарова әзілкеш Елдос пен жұбайы Таңшолпаннан кешірім сұрап, әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі.
Бұл қадам оның бұрынғы пікіріне қатысты туған түсініспеушілікке байланысты жасалған.
Бұған дейін желіде Перизат Байқошқарованың «Елдостың ұрығы болмаған» деген сөзі тарап, жұп тарапынан наразылық туындаған еді.
"Елдос пен Таңшолпан, сіздердің қуанышты жаңалықтарыңызға бүкіл халық шын жүректен қуанып жатыр. Біздің Астана қаласындағы клиникада Алмаз Құрманәлиұлы мен Азамат Сандыбайұлының қатысуымен жасалған сәтті ота нәтижесінде ұрық табылып, эмбрион дайындалып, жүктілікке қол жеткізілді. Қалған биоматериал да арнайы сақтаулы. Мұның бәрі — елімізде ең озық технологиялардың қолжетімді болуының нәтижесі.
Менің бұған дейінгі сөзім кейбір жүректерге ауыр тигенін естіп, қатты алаңдадым. Бұл пікір ешкімді ренжіту үшін емес, керісінше, үміт сыйлау мақсатында айтылған еді.
Иә, Елдос бұған дейін бізге хабарласқан, бірақ сол сәтте мұндай мүмкіндік болмаған. Ал бүгінде ол технология бар. Мен дәрігермін, журналист емеспін. Сондықтан сөздерім дұрыс жеткізілмей, бұрмаланып кетуі мүмкін. Осы үшін Елдос пен Таңшолпаннан, сондай-ақ барша қазақ халқынан кешірім сұраймын", — деді Перизат Байқошқарова.
Ол бұл видеомәлімдемесі арқылы туған түсініспеушілікке нүкте қойғысы келетінін айтып, Елдос пен Таңшолпанға денсаулық пен отбасылық бақыт тіледі.
Пікірлер (0)