Қазақстан Сыртқы істер министрі Ауғанстанға жұмыс сапарымен барды

Жаңалықтар
view 43
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Ауған тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу жұмыс сапарымен Ауғанстанға барды, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі. 

Сапар аясында Ауғанстан Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Абдул Ғани Барадармен кездесу өтті.

Тараптар сауда-экономикалық, транзиттік және аграрлық салалардағы, сондай-ақ геобарлау және цифрландыру бағытындағы ынтымақтастық келешегін қарастырды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *