Шетелде құлдықта жүрген 17 қазақстандық құтқарылып, елге қайтарылған
Жаңалықтар
17
Фото: pixabay.com
Биыл жыл басынан бері Мьянма, Камбоджа және Лаоста құлдықта болған еліміздің 17 азаматы қайтарылды, деп хабарлайды 24KZ.
"Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, олардың аман-есен елге оралуына дипломаттар жәрдемдескен. 2026 жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша Таиландтағы Қазақстан елшілігінің көмегімен Мьянмадан 5 азамат елге оралған. Сонымен қатар Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігінің қатысуымен Камбоджадан 8 және Лаостан 4 қазақстандық қайтарылған", — делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, 2022 жылдан бері шетелдегі қазақстандық дипломаттардың көмегімен заңсыз ұстап тұру және еңбек қанауы жағдайына тап болған жалпы 66 Қазақстан азаматы елге қайтарылған.
Пікірлер (0)