Полиция туристі 1,5 миллион теңгеге бопсаламақ болды
Жаңалықтар
147
Сурет: Ашық дереккөзден
Қазақстанда туризмді дамыту мәселесі тағы да қоғам назарында. Бұл жолы себеп полицейлердің шетелдік туристерден ақша бопсалады деген айыптаулар.
Видеода көрші елдерден келген саяхатшылар қазақстандық полицияның әрекетіне шағым айтып, олардан түрлі сылтаумен ақша талап еткендерін баяндайды.
Туристердің айтуынша, бұл бір реттік жағдай емес, жүйелі түрде қайталанып жүрген жайт. Олар өзге шетелдік азаматтарға да сақ болуға кеңес беріп, Қазақстандағы құқық қорғау органдарынан сақтану қажеттігін ескертеді.

«Бөтен елде өзіңді ақшаға толы қап сияқты сезіну өте жағымсыз», – дейді турист.
Дереккөз: Kozachkov
Пікірлер (0)