Қазақ әйелдерін балағаттаған қырғызстандық ер адам Бішкекте қамауға алынды
Сурет: видеодан кадр
Қазақ әйелдерін балағаттаған ер адам Қырғызстанда қамауға алынды. Енді оған бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін, деп хабарлайды janabastau.kz Dalanews.kz -ке сілтеме жасап.
Бішкек қалалық ІІБ 7 шілдеде Қырғызстан астанасының 37 жастағы тұрғыны Instagram желісіне бейнеролик жүктеген.

«Ол қазақ әйелдеріне қатысты бейәдеп сөздер айтып, ұлтаралық тақырыпты қозғап, азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлады, ұлтына байланысты қорлау сипатындағы сөздер қолданған», дейді Бішкек Ішкі істер басқармасы.
Бір аптадан соң милиция видеоны түсірген адамды ұстады. Сот шешімімен ол бір айға тергеу изоляторына қамалды.
Оған ҚР ҚК 330-бабы бойынша «Нәсілдік, этностық, ұлттық, діни немесе өңіраралық алауыздықты қоздыру» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Пікірлер (0)