Елімізде әскери борышын өтеу кезінде және қызмет бабында қаза тапқандардың отбасыларына баспана беріледі
Сурет: ашық дереккөз
Мәжілісте елімізде қызмет бабында қаза тапқандардың отбасыларына баспана берілетінін мәлім етті,- деп хабарлайды Janabastau.kz.
“Заңда мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери борышын өтеу кезінде, адам өмірін сақтап қалу және құқықтық тәртіпті сақтау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына тұрғын үй беру ұсынылып отыр. Жергілікті атқарушы органдар осы санаттағы азаматтарды қызметкер қайтыс болған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей тұрғын үймен қамтамасыз етуге міндетті болады”, – делінген хабарламада.
Заңды мемлекет басшысының азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселесін шешу туралы тапсырмасын орындау мақсатымен үкімет әзірлеп, мәжіліс тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заңды екінші оқылымда қабылдады.
Сонымен қатар мемлекеттік қолдау шаралары аясында берілетін тұрғын үйдің жалпы көлемінің кемінде 70 пайызы І және ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға, мүгедек балалары бар және оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, “Алтын алқа”, “Күміс алқа” иегерлері немесе бұрын “Батыр ана” атағымен, I және II дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен марапатталғандарға, көпбалалы отбасылар мен жесірлерге беріледі.
“Бұл топқа Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен соларға теңестірілген басқа да әскери қимыл ардагерлері кіреді. Бұдан бөлек халықтың әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған топтарының тізімі кеңейтіледі. “Жесірлер” санаты жеке тәуелсіз санатқа бөлінеді. Түзетулер асыраушысынан айырылғандардың мүдделерін қорғау үшін енгізіліп отыр”, –деді баспасөз қызметі.
Пікірлер (0)