Елімізде бірнеше атом электр станциясын салуға болады

Жаңалықтар
view 51
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Елімізді энергия көзімен толық қамту үшін бірнеше атом электр станциясын салу керек. Ал әр станцияда 3 реактордан болса жеткілікті. Химия ғылымдарының докторы Мәулен Әлімбетов осындай пікірде.

Ардагер ғалымның айтуынша, АЭС салынатын болса энергия алуда экономика саласына салмақ түспейді. Оның үстіне елімізде атом станциясына қажетті отын – уран өндірісі жолға қойылғанын тиімді пайдалануға болады. Сонда қуат көзі жеткілікті болып, көрші елдерге кіріптар болмаймыз дейді. Ал атом электр станциясы түтін бөліп, күл шығармайтындықтан экологияға да зияны жоқ. Ғалым еліміз бойынша 10-12 атом реакторы жұмыс істеп тұрса, тоқ көзі толық жететінін айтады.

Мәулен Әлімбетов, химия ғылымдарының докторы:

2 мегаваттық реактор 1 млн халықты электр энергиясымен, ыстық сумен, жылумен қамтамасыз етер еді. Соған бар болғаны 2-3 тонна уран керек. Ол үш жылға жетеді. Сонда үш жерден салса жетеді.

Данияр Әлімқұл

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *