Елімізде енді адамдарды рұқсатсыз фото-видеоға түсіруге тыйым салынуы мүмкін
Фото: architekcinema.ru
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елімізде адамдарды рұқсатсыз фото-видеоға түсіруге тыйым салу мәселесі қаралып жатқанын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Министр не деді
Министр осы мәселе бойынша жұмыс тобы құрылып жатқанын мәлім етті.
Біз адамдарды рұқсатсыз әр жерде суретке түсіре беруге шектеу қою мәселесін қарастырып жатырмыз. Әрине, қызметтік міндетін атқарып жүрген лауазымды тұлғалар, мемлекеттік қызметшілер бар, біз оған үйреніп кеттік. Бірақ пранк түсіретіндер, рұқсатсыз жүргізілетін жеке түсірілімдер бар. Осы норманы сіздермен бірге талқылаймыз, – деді Аида Балаева Сенат кулуарында.
«Шенеуніктерге қатысты емес»
Журналистер одан бұл норма шенеуніктерді қорғау үшін жасалып жатқан жоқ па деп сұрады.
«Біз ол жағдайға баяғыда үйреніп кеттік. Біздің жеке өміріміз де, туыстарымыз да жоқ, өйткені қайда барсақ та бізді бәрібір түсіреді. Бірақ біз де осы елдің азаматымыз. Сондықтан бұл шенеуніктерге қатысты мәселе емес, жалпы осы саланы реттеу туралы. Сондықтан бұл ұсынысты бірге талқылайық, – деді министр.
Пікірлер (0)