Еліміздегі ең апатты жол учаскелері белгілі болды

Жаңалықтар
view 35
news

Фото: instagram.com/police_almobl

Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Қазақстанда апат қаупі жоғары елуден астам жол учаскесі анықталғанын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Ең апатты учаскелер анықталды. Қазір бұл жолдарда жылдамдықты төмендету, қажетті белгілерді орнату бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл шаралар жалғасады, – деді Қалиақпаров Үкіметтегі баспасөз мәслихатында.

Ол жақында Ақтөбе облысындағы бір қауіпті жол бөлігі жөнделгенін, осыдан кейін ол жерде бірде-бір жол апаты тіркелмегенін айтты.

Ақтөбе облысында бірнеше апатты қауіпті учаске бар. Соның бірінде жуырда тиісті шаралар қабылданды және расымен өзгерістер енгізілгеннен кейін бірде-бір жол апаты болған жоқ. Қазақстан бойынша мұндай учаскелер елуге жуық. Барлық өңірде жұмыстар жүріп жатыр, жол белгілері орнатып, ерекше бақылау күшейтілуде. Мұны ІІМ мен ТЖМ қызметтерімен бірлесіп істеп жатырмыз, – деді Қалиақпаров.

Оның сөзіне қарағанда, биыл жаңғырту жұмыстары 13 мың шақырымды қамтыған.

Сондай-ақ Қалиақпаров ақылы жүйе тек техникалық талаптарға сай келетін және тегін баламасы бар жол учаскелерінде ғана енгізілетінін атап өтті.

Ақылы режимге ауысатын учаскелер тізімі бөлек жарияланады, - деді ол.

Негізгі бағыттардың ішінде Қарағанды – Алматы, Талдықорған – Өскемен трассалары және Астрахань бағыты бар.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *