Еңбек инспекциялары ЕХӘҚМ-нің қарамағына берілді
Сурет: Ашық дереккөзден
2024 жылы жергілікті атқарушы органдардың еңбек инспекциялары Министрліктің қарамағына берілді, бұл еңбек заңнамасының сақталуын тиімді бақылауға мүмкіндік берді. Осы реформа аясында аумақтық бөлімшелермен бірге Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті құрылды, еп хабарлады janabastau.kz.
Нәтижесінде жалақыны кешіктіру мәселелерін қоса алғанда, еңбек құқықтарының сақталуын тексеру күшейтілді. Мәселен, 2024 жылдың 11 айында 277 кәсіпорында 4,4 млрд теңге сомасына жалақы бойынша берешек анықталды және 17,5 мың қызметкер өз еңбекақысын алды.
Сонымен қатар тексеру барысында 7 583 бұзушылық анықталды, оның 5 723-і еңбек саласына, 1 793 – еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға, ал 67-сі халықты жұмыспен қамтуға қатысты. Жұмыс берушілерге 2 998 ұйғарым беріліп, 371 млн теңге сомасына 3 359 әкімшілік айыппұл салынды. Бұл шаралар 33 мыңнан астам қызметкердің еңбек құқығын қорғауға мүмкіндік берді.
Еңбек жағдайларын жақсартуда кәсіпорындардағы еңбек жағдайлары мен кәсіптік тәуекелдерді нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін кәсіпорындардың цифрлық картасын енгізуді атап өткен жөн. Осының арқасында 2024 жылы жарақат алу деңгейі 2023 жылмен салыстырғанда 3,7%-ға төмендеді.
Сонымен қатар такси жүргізушілеріне әлеуметтік кепілдіктер енгізіліп, олардың әлеуметтік қорғалуын едәуір арттырды.
Пікірлер (0)